«ДІН МЕН ДӘСТҮР» ҮШІНШІ КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің бас имамы Такеев Еркебұлан Ермекұлының бастамасымен жаңадан басылып шыққан «Дін мен дәстүр» үшінші кітабының таныстырылымы өтті.

«Дін мен дәстүр» үшінші кітабы алғаш рет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында таныстырылған болатын. Жалпы оқырман қауымға арналған кітаптың таныстырылымы Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде де өтті. «Дініңді қадір тұт, дәстүріңді қастерле» демекші, мазмұны бай болған жаңа еңбек келген қонақтарға да табысталды. Бұл бастама асыл дініміз бен дәстүріміздің сабақтастығын паш ету жолындағы іргелі істің бірі болмақ.