Ұлытау облысының имамдарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Кенжалин Данияр Айтбайұлы семинар өткізді.
Семинарға облыс бойынша барлық имам офлайн-онлайн түрде қатысты. Аталмыш семинар барысында діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Данияр Айтбайұлы жиынға қатысушыларға семинардың мән-мақсаты мен маңызын түсіндіре келе, жат ағымның алдын алу шаралары мен оны жүзеге асырудың бағыт-бағдарымен бөлісті.