«ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ЖЫЛЫ АЯСЫНДА АЛҒАШҚЫ ЖИЫН ӨТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Ұлытау облыстық өкілдігінде 2025 жылдың алғашқы жиыны өтті.

Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлы төрағалығымен өткен жиында 2025 жылы басымдық берілетін төрт бағыт бойынша тапсырмалар айқындалды. «Ислам және отбасы құндылығы» жылы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығы аясында біршама атқарылатын іс-шаралар таныстырылды.

Жиын соңында Бейбіт Бақытжанұлы бірнеше имамды ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапаттады.