Абай Құнанбайұлының шығармашылығы қазақ қоғамындағы рухани және діни тақырыптармен терең байланыста болды. Ислам діні оның дүниетанымының маңызды бөлігі, әрі ол өз еңбектерінде исламдық құндылықтарды жиі көтеріп отырды.
Абайдың исламға деген көзқарасы адамның ішкі жан дүниесін тәрбиелеуге негізделген. Ол адамдарды шынайы иманға, ақыл-парасатқа, әділеттілік пен адамгершілікке шақырды. Абайдың діни ұстанымы ішкі рухани тазалық пен шынайы сенімге басымдық берді. Мысалы, «Қара сөздерінде» ол Құдайға деген шынайы сенімнің маңыздылығын атап өткен.Абай үшін иман — адамның жүрегінде орын алатын шынайы сенім. Абайдың көптеген өлеңдері мен «Қара сөздерінде» иман мәселесі кеңінен қозғалады. Оның «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңі иман туралы ойлардың жарқын көрінісі болып табылады. Бұл өлеңде ақын шынайы сенімнің мәнін аша отырып, адамның рухани жетілуінің негізі ретінде иманды жоғары қояды.
Сонымен қатар, Абайдың шығармаларында исламның адамгершілік қағидаттары кеңінен көрініс табады. Ол адамдарды әділеттілікке, мейірімділікке және махаббатқа үндеген. Оның шығармаларындағы исламдық көзқарастар қазақтың дәстүрлі дүниетанымымен үйлесім тауып, рухани ізденістер мен моральдық құндылықтарды көтеруге бағытталды.
Абай Құнанбаевтың дінді рухани жетілу, адамгершілікке ұмтылу, білім мен ғылым арқылы әлемді тану жолы ретінде қабылдады. Абай үшін дін — адамның өмірін мәнді ететін, оны әділдік пен ізгілікке жетелейтін күш. Оның дін тақырыбындағы мұрасы қазақ халқының рухани дүниесінде мәңгілік орын алып, қазіргі қоғамның да рухани дамуына бағыт-бағдар беріп келеді.