АХМЕТ ИШАН ОРАЗАЙҰЛЫ ЖАЙЫНДА НЕ БІЛЕМІЗ?!

Ахмет ишан Оразайұлы (1861-1926) бұрынғы Ақмешіт уезі, Сырдария ауданы Зінкерет ауылында туған (қазіргі Қызылорда облысына қарасты Телікөл, Сарысу бойында) – ишан, қоғам қайраткері. «Қазақ» газетін ұйымдастырушы. Алғаш сауатын әкесі Оразай Ишан Бұғыбайұлынан ашып, кейін Бұхара қаласындағы діни медресені үздік бітіріп, имамдық хатыршат алып, құранқари болып оралады. Мешіті мен қыстауы Ұлытау ауданында «Қорғантас» елді мекенінде. 1880-1881ж екі рет Меккеге қажылыққа барады, мешіт пен мектепті қатар ұстап, өз балаларын жаңаша оқытқан. Баласы Мұстапа Оразайұлы Упідегі медресе «Ғалияда» Сайфи Құдаш, Бейімбет Маилин, Мағжан Жұмабаевтармен бірге оқиды, кейін сол медресе шәкірттерінің бастауымен ол «Қазақ» газетін шығаруға белсене араласады. Ахмет өз үйінің жанынан жаңаша үлгімен пәндік бастауыш мектеп аштырып, Ибраһим Сайфулдинов деген жігітті мұгалім етіп алады. Ол есеп, жағрапия, орыс тілі пәндерді де қоса оқытады. Бұл мектепте өзінің жиені академик М. Қаратаев та оқып білім алған. Ахмет елге баспасөздің қажеттілігін түсініп, баласы арқылы А.Байтұрсынов, М.Дулатовтармен хабарласып, газет шығаруға қажетті екі мың сомға ақша жинайды. Ашылған газетке баласы Мустапаны бастырушы етеді. «Қазақ» газетінің жұмысына өзі атсалысып, қазақ балалары оқулығына бәйге жариялайды. Өзі үзбей әр алуан тақырыпқа мақалалар жазды. Халықты отырықшылыққа, диқаншылықпен айналасуға шақырды. Ахмет саяси-қоғамдық, әлуметтік істерге де араласып, патшаның 1916 жылы 25 маусым жарлығына қарсы бас көтереген. Ахметтің тәуіптік қызметі де бір сала. 1921-23ж. Орталық Қазақстанда, әсіресе Жезқазған, Телекөл бойында тырысқақ (оба) ауруы өршігенде, қызы Бибісара екеуі ауруға қарсы күресте көп адамдарға араша болған. Ахмет Торғай, Атбасар, Ақмешіт уезіне аты мәлім кісі болған. 1913 ж. «Алаш орда» съезіне шақырылған. 1920 жылы Бағаналы ауд. ревкомның төрағасы болып сайланған. Ахмет Ишан сегіз қырлы тұлға болған, бар ғұмырын Ислам дінін насихаттауға арнаған. Бұл кісі өзі қари болған, Құранды жатқа және анық білген, адамдарға аударып түсінідіріп отырған. Ұлытауда, Қорғантаста медреселер салғызған. Сол медресенің бірінде академик Мухамеджан Қаратаев деген кісі алғаш сауатын ашқан. Ахмет ишан Сарысу өзенінің жағасында халыққа егін еккізіп, арықтар қаздырған, халықты бір жерге жинаған. Қарсақпай  ауылында көп адамдардың жұмысқа орналасуына, кең өндірістің дамуына септігі тиді. Ахмет ишанның батасын алған шәкірттерінің бірі  Сайдынқожа деген тәуіп кісі болған . Ол кісі көптеген адамдарға дерттерінен айырып, жазылуға көмектескен.