КӘСІП ТҮБІ – НӘСІП

Ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзі сауда-саттықпен айналысып,өзгелерге де кәсіп жасауды насихат еткен.
Ия, кәсіп пен нәсіптің сөздері,ұйқастары бір-біріне ұқсас. Себебі кәсіптің нәтижесі нәсіп болады. Жалпы нәсіп адамның тағдырына жазылған оның ризығы. Осы ризықты алудың жолы – тек қана кәсіппен болмақ.
Бір кісі Ахмад Ибн Ханбалға:
– Үйінде немесе мешітте отырып алып жұмыс істемейтін, «Нәсібім өзі келеді» дейтін адам жайлы не дейсіз? – деп сұрайды. Ахмад:
– Бұл- білімсіз надан адам. Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құстар туралы айтқанда «Тәңертең аш кетіп, кешке тойып оралады» деген сөзін де естімеді ме? Тәңертең кетуі олардың ризық іздеп кететіндігін көрсетеді. Пайғамбардың сахабалары да теңіз бен құрлықта сауда жасайтын, құрмалықтарында жұмыс істейтін еді. Үлгі болатын сол кісілер,- деп жауап береді.
Ал енді «Алла Тағаланың құзырындағы нәрсе күнә арқылы қолға түспейді» деген Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) , яғни ризық табудың жолы – адал кәсіппен ғана нәсіп болады.

Сәтбаев қалалық «Сәдуақас Ошақұлы» мешітінің имамы

Рахимбеков Ғалымжан