МЕШІТТІҢ ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Сәтбаев қалалық «Сәдуақас Ошақұлы» мешітінің жылыту жүйесі толықтай жаңартылып, күрделі жөндеуден өтті.

Мешіттің жылыту жүйесі толықтай жаңартылып, заманауи талаптарға сай қайта жабдықталды. Жүргізілген жөндеу жұмыстары ғимараттың ішкі жағдайын жақсартып, келушілерге қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Аталған игі іске қолдау көрсетіп, жөндеу жұмыстарын сапалы жүзеге асыруға үлес қосқан REGION HOME компаниясына мешіт ұжымы мен жамағат атынан шынайы алғыс білдіреміз!