Ел астанасында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында грэпплингтен әлем чемпионаты өтті. Қола жүлдегер атанған жерлесіміз Құрманалиев Арулан бауырымызды облыс бас имамы құттықтап, сый көрсетті.
Сәтбаев қалалық «Сәдуақас Ошақұлы» мешітінде өткен рухани отырыста Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлы әлем чемпионатының қола жүлдегері Құрманалиев Арулан жерлесімізді арнайы құттықтап, сый көрсетті. «Сізді грэпплингтен әлем чемпионатының 3 дүркін қола жүлдегері атануыңызбен шын жүректен құттықтаймын! «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын». Әлемдік додада ел намысын қорғап, бүкіл қазақ елінің абыройын асқақтатып жүрген сізге алғысымыз шексіз!» – деді облыс бас имамы.