РАНТ МҮШЕСІ БАТЫРЖАН БЕРДЕНҰЛЫ ҰЛЫТАУ ӨҢІРІНДЕ

ҚМДБ Ұлытау облыстық өкілдігінде имамдарға арналған рухани-танымдық семинарлар ұйымдастырылды. Семинар барысында дін қызметкерлеріне маңызды екі тақырып бойынша дәрістер оқылды.

Алғашқы тақырып — «Ихсан – рухани тәрбие негізі» аясында мұсылманның ішкі жан дүниесін тәрбиелеу, шынайылық, көркем мінез ұғымдары кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ ихсан ілімінің қоғамдағы рухани тұрақтылықты қалыптастырудағы маңызы айтылды.

Екінші тақырып — «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» бойынша жамағатпен дұрыс қарым-қатынас орнату, насихат айтудағы көркем сөз бен даналық, мінбер әдебі және заманауи аудиториямен жұмыс жасау тәсілдері талқыланды.

Семинарды РАНТ мүшесі Батыржан Берденұлы жүргізіп, имамдарға тәжірибелік әрі рухани бағыттағы пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Сонымен қатар, құптан намазынан кейін Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде жамағатқа арнайы уағыз айтып, ихсанның адам тәрбиесіндегі орны мен мұсылман өміріндегі маңызы жөнінде насихат жүргізді. Сонымен қатар Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде қажылық жайында жұма уағызын жүргізді.