ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫНЫҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

ҚМДБ Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлы облыс бойынша барша имамдармен жиналыс өткізді.

Жиналысқа облысқа қарасты барлық имамдар мен 5 бағыт басшылары қатысты. Мәжілісте ҚМДБ тарапынан бекітілген жұмыстардың уақытылы орындалуы, имамдардың этикасы, халықпен тығыз жұмыс жасау, т.б. мәселелер талқыланды. Жиналыс барысында мешіт имамдары өңірдегі діни ахуалды баяндап, 5 бағыт бойынша іс-шаралардың есебін берді.