ҚМДБ Ұлытау облыстық өкілдігінің және жергілікті Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен діни рәсімдерде ысырапшылдыққа жол бермеу жөнінде форум өтті.
«Ас беру мен зират көтерудегі ысырапшылдықты алдын алу» тақырыбында өткен жиынға Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлы, Жезқазған қаласының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұрат Сүйтенұлы қатысты.
Облыс бас имамы сөз бастап, Ислам шариғаты бойынша ысырапшылдықтың кесірі жөнінде сөз тарқатты. Форумда облыстық ардагерлер кеңесінің біршама ардагерлері көтерілген мәселе бойынша өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында Жезқазған қаласының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұрат Сүйтенұлы қабылданған шешімді форумға қатысушылар назарына ұсынды. Шешімде ас мәзірін бірізділікке салу (бауырсақ, нан, қант, кәмпит-печенье, су, шәй, ыстық тамақ) нақтыланды.