Жаңаарқа ауданында жамағат арасында діни білімді насихаттауға бағытталған «Пайғамбарымыздың таңдаулы хадистері» атты білім сайысы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – ислам құндылықтарын дәріптеу, Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) хадистерін үйренуге деген қызығушылықты арттыру және діни сауаттылықты тереңдету.
Сайысқа қатысушылар хадисті араб тілінде және қазақша мағынасымен жатқа айту бойынша өзара бақ сынады. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

