Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2025 жылға арналған Бағдарлық баяндамасы басталды.
Жиын қасиетті Құран Кәрім аяттарын оқумен басталып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел амандығы мен тыныштығы үшін арнайы дұға жасады. Басқосуда ҚМДБ Төрағасы дін қызметкерлеріне жыл сайынғы дәстүрлі Бағдарлық баяндамасын жолдауда.
«Жарасымды отбасындағы өзара мейірімділік, ізгілік, адамгершілік сынды қанға сіңген қасиеттерді жаңғырту үшін 2025 жылды діни қызмет аясында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялау туралы шешім қабылдадым. Алла қаласа, осы жыл аясында бірнеше іс-шараларды жүзеге асырамыз» деді Бас мүфти.
Айта кетейік, Төралқа мәжілісіне Діни басқарма қызметкерлері, облыстардың бас имамдары, Ғұламалар, Сарапшылар, Ақсақалдар кеңесі мен РАНТ мүшелері, Діни оқу орындарының басшылары мен ұстаздары қатысуда.