ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА БІРНЕШЕ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Өткен жұма намазында Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітіне және Жаңаарқа ауданына қарасты Ақтүбек ауылына діни қызметкерлер тағайындалып, таныстырылды.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің ұстазы болып Азберганов Нұрсұлтан Эркинбайұлы тағайындалса, Ақтүбек ауылының имамы ретінде Шаханбаев Нұрлан таныстырылды.

Азберганов Нұрсұлтан Эркинбайұлы 2000 жылдың 6-желтоқсанында дүниеге келген. 2019-2023 жылдар аралығында “Нұр-Мүбәрак” Египет Ислам мәдениеті университетін «исламтанушы» мамандығы бойынша оқыған. Үйленген, 1 баласы бар.

Шаханбаев Нұрлан Әбдіғаппарұлы 1989 жылдың 14-қаңтарында дүниеге келген. 2016-2019 жылдар аралығында «Сарыағаш» медресе-колледжінде білім алған. Бойдақ.