ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай республика көлеміндегі барлық мешіттерде 35 000 ағаш көшеттерін отырғызу акциясы ұйымдастырылды.
Осы игі бастама аясында Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлының бастауымен қала, аудан және ауыл мешіттерінің имамдары мен жамағаты бірлесіп, 400-ге жуық көшет отырғызды.
Экологиялық акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Шара барысында ислам дінінде тазалық пен табиғатқа жанашырлық таныту маңызды қағидалардың бірі екені кеңінен насихатталды.
Мұндай игі шаралар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген ортақ көзқарасты нығайтады. Ұлытау өңірі имамдарының бұл бастамасы – дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып, қоғам игілігіне қызмет етудің жарқын үлгісі.



