ҚАРАҒАНДЫ-ЖЕЗҚАЗҒАН ТАС ЖОЛЫНДА НАМАЗХАНА ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ

Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы Жаңаарқа ауданына қарасты Түгіскен ауылында жұма уағызын жүргізіп, Қарағанды–Жезқазған тас жолы бойында намазхананың қазығын қағу шарасына қатысты.

Ең алдымен жұма намазында бас имам жамағатқа “Тазалық, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау” тақырыбында тағылымды уағыз айтып, ислам дініндегі тазалықтың маңызы, табиғатты аялау және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау жайында кеңінен тоқталды.

Осы сапар аясында Бейбіт Бақытжанұлы Қарағанды–Жезқазған тас жолы бойында, Самал шәйханасы жанындағы намазхананың қазығын қағу шарасына да қатысты. Игі бастама жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, құлшылық жасауға мүмкіндік туғызуды мақсат етеді.