ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНДА ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНАН ҚАТЫСҚАН ҮМІТКЕР I ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Түркістан облысында V республикалық Құран жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген қарилар мен талапкерлер өзара бақ сынады.

Аталған жарысқа Ұлытау облысының атынан төрт талапкер қатысып, Құран жаттау бойынша түрлі номинацияларда өнер көрсетті. Атап айтқанда:
 • 5 пара бойынша — Әлия Дүйсенбекқызы
 • 10 пара бойынша — Индира Қанатқызы
 • 20 пара бойынша — Жанель Серікқызы
 • 30 пара бойынша — Әмина Ақболатқызы

Жарыс қорытындысы бойынша 20 пара номинациясында бақ сынаған Жанель Серікқызы жоғары дайындық пен үздік білімін көрсетіп, жүлделі I орынды иеленді.

Бұл — Ұлытау облысы үшін үлкен жетістік әрі жас қарилардың діни білімге деген ынтасының айқын көрінісі. Жанель Серікқызының жеңісі өңірдегі Құран жаттау ісінің қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.

Жеңімпазды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!