Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде Ұлытау облысы бойынша қасиетті қажылық сапарына аттанатын қажыларға арнайы дайындық дәрісі өткізілді.
Дәріс барысында қажылықтың түрлері, парыздары мен ондағы орындалатын құлшылықтар жан-жақты түсіндіріліп, әрбір амалдың маңызы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, өткен жылғы қажылардың қасиетті сапар барысында түсірілген бейнематериалдары көрсетіліп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
2026 жылғы қажылық маусымында Ұлытау облысынан 5 азамат тіркеліп отыр. Оның 4-еуі қара шаңырақ — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл компаниясы — Taуаф Travel компаниясы арқылы қасиетті сапарға аттанатын болады.
Дәрісті Ұлытау облысы бойынша қажылыққа жауапты маман Нұрсұлтан Еркінбайұлы жүргізді.

