Бүгін, 16 мамыр күні, ата-баба рухына құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты зират аумағын тазалау іс-шарасы өтті. Игі шараға мешіт жамағаты, еріктілер мен қала тұрғындары белсенді қатысып, зират аумағын тазалау жұмыстарына атсалысты.
Сәтбаев қаласының қос мешіті және Сәтбаев қалалық әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара барысында аумақ қоқыстан тазартылып, айнала ретке келтірілді. Мұндай шаралар қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастырып, үлкенге құрмет, бірлік пен ынтымақты нығайтатыны белгілі «Тазалық – иманның жартысы» қағидасын негізге алған қатысушылар бұл сауапты іске үлес қосып, көпшілікке өнеге көрсетті. Ұйымдастырушылар барша қатысушыларға алғыс білдіріп, алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын табатынын жеткізді.






