ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігінде жамағат арасындағы бауырмалдық пен бірлік-ынтымақты арттыру мақсатында басқосу болып, оған ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы қатысты.
Асыл дініміз мұсылмандардың өзара туыс екенін айтып, береке-бірлікте болуын міндеттейді. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әнбия» сүресі, 92-аятында: «Осы сендердің үмметтерің бір-ақ үммет. Мен Раббыларың. Сондықтан Маған ғана құлшылық етіңдер», – деп бұйырған. Мешіт асханасында ұйымдастырылған басқосуда мешітіміздің қонағы, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Құрсақов Медет Құрмашұлы уағыз-насихат айтты.