ОБЛЫС ИМАМДАРЫНА ПӘТУА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігінде имамдар мен ұстаздарға арналған пәтуа сағаты өтті.

Пәтуа сағатын Ұлытау облысы бойынша пәтуаға жауапты маман Такеев Еркебұлан Ермекұлы өткізді. Өткізілген семинарда ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде қабылданған «Теңіз өнімдерінің үкімі» таныстырылды. Семинар соңында осы тақырыпқа байланысты болған имамдар арасында өзара сұрақ-жауап болды.