БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

ҚМДБ Ұлытау облыстық өкілдігіне қарасты әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қасиетті құрбан айт мерекесіне орай балаларға арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Мерекелік бағдарлама аясында балаларға ерекше көңіл бөлініп, олар лимузинмен серуендеуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, бүлдіршіндер қызыл кілеммен қарсы алынып, мерекелік атмосфераны сезінді.

Іс-шара барысында аниматорлар түрлі қызықты ойындар мен көңілді бағдарламалар ұйымдастырып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ арнайы жайылған мерекелік дастарханнан дәм татып, тәтті балмұздақтармен қуантты.

Шараның басты мақсаты – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, Құрбан айттың ізгілік пен мейірімге үндейтін құндылықтарын насихаттау болды.