ҚМДБ Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессиясына қатысты.
Қазақстан халқы ассамблеясының 34-сессиясы ұйымның 30 жылдық жұмысын қорытындылап, жаңа мақсаттарды белгілеп берді. Әлемде теңдесі жоқ жоба – бірліктің арқасында кез келген шыңды қиындықсыз бағындыруға болатынын көрсетті.
«Басты міндет – Қазақстан халқының татулығы мен ауызбіршілігін, мемлекетіміздің тұтастығы мен киелі Тәуелсіздігімізді нығайту. Алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Біз болашақта да осы бағытта нақты шаралар қабылдаймыз», – деді мемлекет басшысы.