БАС ИМАМ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінде Ұлытау облысынан білім алып жатқан студенттермен кездесті.

Кездесу барысында бас имам студенттермен рухани сұхбат құрып, білім алудың маңыздылығы мен діни қызметтің жауапкершілігі жайында кеңінен баяндады. Сонымен қатар, жас мамандарды туған өлкеге діни қызметке келуге шақырып, өңірде қолдау көрсетілетінін жеткізді. Бейбіт Бақытжанұлы шәкірттерге ілімнің зекетін беру, еңбекқор болу, табандылық таныту сынды тақырыптарда тағылымды кеңестер айтып, елге қызмет етудің мәні мен маңызына тоқталды.

Кешкісін студенттерге арнайы дастарқан жайылып, әр шәкіртке «Сахих хадистер» еңбегі мен 25 000 теңге сыйақы берілді.