БАС ИМАМ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінде білім алып жатқан өңір студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында имам жастармен еркін пікір алмасып, білім алудың маңыздылығы мен рухани құндылықтар төңірегінде әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, оқып жатқан талапкерлерге елдің сенімі зор екенін атап өтіп, туған жерде қызмет етудің маңыздылығын жеткізді.

Іс-шара аясында Ұлытау облысынан оқып жатқан 22 студенттің әрқайсысына қолдау көрсетіліп, арнайы кітаптар мен 25 мың теңге көлемінде ақшалай шәкіртақы табысталды.