ҚМДБ Ұлытау облысы бойынша сараптама бөлімінің жауапты маманы Мейіржан Мақатұлы №62 түзету мекемесіне сараптамадан өткен әдебиеттер табыс етті.
Бұл шараның негізгі мақсаты – Ханафи мәзһабы, Матуриди сенім мектебіне сай діни еңбектерді жеткізу әрі деструктивті ағымдарды насихаттайтын діни кітаптардың таралуына жол бермеу.
№62 түзету мекемесіне қарасты кітапхана қорына 34 дана аударма Құран кітабы және 31-ге жуық «Тәпсір тұнығы», «Намаз оқып үйренейік», «Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз» секілді діни әдеби кітаптар табысталды.