14 Жұмада Ахир 1448 х. · 24 қараша 2026 ж.

Мешітте неке қию

Жаңа отбасының алғашқы қадамын сүннетке сай, мешіттің берекелі ортасында бастаңыз. Күн мен уақытты таңдап, өтінімді Telegram-бот арқылы бірнеше минутта беруге болады.

Неке жүзіктері мен раушан гүлдері

وَمِنۡ ءَايَٰتِهِۦٓ أَنۡ خَلَقَ لَكُم مِّنۡ أَنفُسِكُمۡ أَزۡوَٰجٗا لِّتَسۡكُنُوٓاْ إِلَيۡهَا وَجَعَلَ بَيۡنَكُم مَّوَدَّةٗ وَرَحۡمَةًۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يَتَفَكَّرُونَ ٢١

«Сондай-ақ Оның (құдіретінің шексіздігін көрсететін) айқын дәлелдерінің бірі – оларға бауыр басып, жандарың жай тапсын деп, сендер үшін өз болмыстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік һәм мейірім сезімін ұялатқандығы. Міне, осының өзінде ақылға салып ойланатын қауым үшін ап-айқын дәлелдер мен талай ғибрат бар».
Рум сүресі, 21-аят
Мешіт іші, михраб
● Исламдағы неке

Неке – сүннет, тыныштық және мейірім

Неке – Пайғамбарымыздың ﷺ сүннеті және берік отбасының негізі. Құран некені жұбайлар арасындағы тыныштық, сүйіспеншілік пен мейірімнің бастауы деп сипаттайды.

  • Ижаб пен қабыл – неке ұсынысы мен оған келісім бір мәжілісте айтылады.
  • Куәгерлер – некеге мұсылман куәгерлер қатысады.
  • Мәһр – күйеудің қалыңдыққа беретін сыйы; мөлшерін екі жақ келіседі.

خَيرُكُم خَيرُكُم لِأَهلِهِ، وَأَنَا خَيرُكُم لِأَهلِي

«Сендердің ең жақсыларың – отбасына ең жақсы болғандарың. Мен – араларыңда отбасыма ең жақсы болғанымын».
Тирмизи, 3895
● Дайындық

Шарттар мен құжаттар

Неке қию шарттары

  • 1
    Мұсылман болуНеке қиюшылардың екеуі де мұсылман болуы тиіс.
  • 2
    КуәгерлерМұсылман куәгерлер: кемінде 2 ер адам немесе 1 ер адам және 2 әйел.
  • 3
    АХАЖ (ЗАГС) құжатыТіркелген неке туралы куәлік немесе некеге тіркелуге өтініш бергеніңізді растайтын құжат.

Өзіңізбен бірге алыңыз

  • Жеке куәліктерКүйеу мен қалыңдықтың жеке куәлігі.
  • АХАЖ (ЗАГС) құжатының түпнұсқасыМешітте міндетті түрде көрсетіледі.
  • КуәгерлерНеке қию кезінде бірге қатысады.

АХАЖ (ЗАГС) құжаты болмаса, неке қиылмайды. Мешітке белгіленген уақыттан 15 минут бұрын келіңіз.

● Бағалар

Қызмет түрлері

Өз фотографыңызбен

⏱ 30 минут

30 000 ₸

  • Неке куәлігі
  • Имамның неке қиып беруі
  • Өз фотограф/мобилографыңызбен мешіт ішінде және сыртында фото-видео түсіруге рұқсат
Таңдау
Толық пакет

Фотограф/мобилографпен

⏱ 1 сағат

70 000 ₸

  • Неке куәлігі
  • Имамның неке қиып беруі
  • Мобилограф және фотограф қызметі
  • Мешіт ішінде және сыртында 50-ге жуық сапалы фото
  • Сапалы монтаждалған видео
  • Қосымша сыйлықтар 🎁
Таңдау
● Тіркелу

Өтінім қалай беріледі

  1. 1

    Ботты ашыңыз

    @ahnaf_neke_bot ботына кіріп, тілді таңдаңыз да «📝 Некеге тіркелу» батырмасын басыңыз.

  2. 2

    Қызмет түрін таңдаңыз

    Шарттармен танысып, өзіңізге ыңғайлы пакетті таңдаңыз.

  3. 3

    Күн мен уақыт

    Күнтізбеден бос күнді, сосын бос уақытты таңдаңыз.

  4. 4

    Деректерді толтырыңыз

    Күйеу мен қалыңдықтың аты-жөні, ЖСН, телефон және мекенжай.

  5. 5

    Растауды күтіңіз

    Әкімші өтінімді қабылдағанда ботқа хабарлама мен мешіттің мекенжайы келеді.

  6. 6

    Неке күні

    Бір күн бұрын бот еске салады. Куәгерлермен бірге 15 минут ерте келіңіз.

● Сұрақ-жауап

Жиі қойылатын сұрақтар

АХАЖ-да (ЗАГС) тіркелмей неке қиюға бола ма?

Жоқ. Мешітте неке тек АХАЖ-да тіркелген неке туралы куәлік немесе некеге тіркелуге өтініш бергеніңізді растайтын құжат болғанда қиылады.

Куәгерлер болуы шарт па?

Иә, куәгерлер міндетті. Олар мұсылман болуы тиіс: кемінде 2 ер адам немесе 1 ер адам және 2 әйел.

Уақытты ауыстыруға немесе өтінімнен бас тартуға бола ма?

Иә. Ботта «Менің өтінімдерім» бөлімінен өтінімнен бас тартуға болады. Уақытты ауыстыру керек болса, «📞 Байланыс» бөлімі арқылы әкімшіге хабарласыңыз.

Өтінімнің мәртебесін қалай білемін?

Барлық өзгеріс туралы бот өзі хабарлайды: өтінім қабылданғанда, уақыт өзгергенде және неке күнінен бір күн бұрын.

أَكمَلُ المُؤمِنِينَ إِيمَانًا أَحسَنُهُم خُلُقًا، وَخِيَارُكُم خِيَارُكُم لِنِسَائِهِم

«Мүміндердің иманы ең кәмілі – мінезі ең көркемі. Ал сендердің ең жақсыларың – әйелдеріне ең жақсы болғандарың».
Тирмизи, 1162

Неке қию күнін бүгін-ақ белгілеңіз

Бос күн мен уақытты таңдап, өтінімді Telegram-бот арқылы жіберіңіз.

@ahnaf_neke_bot