Ұлытау облысына арналған іс-сапар кезінде ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев облыс имамдарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Мәлік Нұржанұлы Отарбаев мырза Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтылған бастамаларына тоқталып, дін өкілдерінің ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтаудағы рөліне ерекше назар аударды.
Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы Президент кеңесшісіне алғыс білдіріп, Ұлттық құрылтайда қамтылған игі істердің маңыздылығын білдірді.