Жезқазған төрінде Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлының бастамасымен облыс имамдарының басын қосқан жиын өтті.
Жиын басында Бейбіт Бақытжанұлы VI Республикалық имамдар форумында қабылданған «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұғырнамасы мен «Құдайы аста ысырапқа жол бермеу» құжатын таныстырып, халық арасында кеңінен насихаттап жеткізуді тапсырды.
Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген талаптар мен ұсыныстар негізінде Құрбан айт мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары таныстырылып, нақты тапсырмалар жүктелді.
Ұлытау облысы бойынша «Цифрлық даму» бөліміне жауапты маман Бауыржан Амангелдіұлы «Жасанды интеллект құралдарын пайдалану тәсілдері» және «ҚМДБ цифрлық өнімдерін қолдану және насихаттау» тақырыптарында семинар жүргізді.
Имамдардың басын қосқан жиын соңында бас имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына байланысты бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хаттарын елеулі қызмет қылған бірнеше имамға табыс етті.