Жұма күні Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде жұма намазынан соң халқымыздың руханиятына елеулі үлес қосқан марқұм болған дін қызметкерлерін еске алуға арналған Құран хатым шарасы өтті.
Қасиетті жұма күні мешітте «Намаздың қасиеті және оның жамағатпен оқудың сауабы» тақырыбында насихат айтылып, жұма намазы оқылды. Намаздан соң мешіттерде қызмет еткен марқұм дін қызметкерлерінің есімдері аталып, құран хатымның дұғасы жасалды.
Айта кетейік, жұма күні республика бойынша 652 Құран хатым оқылып, марқұм болған дін қызметкерлерінің рухына бағышталды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай, Бас мүфтидің тапсырмасымен бастау алған бұл игі шара еліміздегі барлық облыстық орталық мешіттерде өткізілді.