ҚМДБ Ұлытау облыстық өкілдігіне қарасты Жаңаарқа ауданының мешіттері ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа оқудан сайыс өтті. Сайыс марқұм Тілеубайұлы Мәдиді еске алуға арналды.
Құран жарысына қатысушы сегіз үміткер Құран Кәрімнің «Дұха» және «Нәс» сүрелерін жатқа оқу бойынша өзара бақ сынасты.
Сайыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен махраджына, оқу мәнеріне мән беріліп, нәтижесінде:
І-орын – Саматов Нығмет
ІІ-орын – Бекетов Сәкен
ІІІ-орын – Қайырбек Әбубакір
Қатысушылардың барлығына ақшалай сыйлық берілді!



