Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешіті аумағында игі бастама жүзеге асты.
«Атадан мал қалғанша тал қалсын” деген тағылымды ұстанымды негізге алған мешіт ұжымы мен жамағат мешіт маңын көгалдандыру мақсатында ағаш отырғызу шарасын өткізді. Аталған акция барысында барлығы 38 көшет егілді. Оның ішінде 17 терек, 8 қайың және 13 қарағай бар. Бұл жұмыстар қоршаған ортаның көркеюіне өз септігін тигізетініне сеніміміз мол.
Мешіт ұжымы қайырлы іске атсалысқан барша жамағатқа алғыс білдіреді!




