Құрбан айт мерекесі аясында Ұлытау облыстық дін істері басқармасы, «Жылы жүрек» қоры және Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында футболдан жарыс өткізілді.
Спорттық шараның басты мақсаты – жамағат арасындағы ауызбіршілік пен достықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру болды.
Жарысқа барлығы 8 команда қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
І орын – «Жылы жүрек» командасы;
IІ орын – «Барыс» командасы;
ІІІ орын – «Рух» командасы.
Сондай-ақ жарыс барысында ерекше ойын көрсеткен қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды. Атап айтқанда:
• Жора Әбілқазы – «Үздік ойыншы»;
• Ибраев Талғат – «Үздік ойыншы»;
• Искаков Аян – «Үздік қорғаушы»;
• Қазбеков Балтабай – «Үздік қақпашы».
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан марапатталып, алғысқа ие болды.





