2026 жылғы 14 қараша күні ҚМДБ Ұлытау облыстық өкілдігіне қарасты әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Қоғам белсендісі» тақырыбында тағылымды семинар өтті.

Семинарға арнайы спикер ретінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева мен Қарағанды облыстық өкілдігіне қарасты Әйел-қыздар секторының жауапты маманы Әйгерім Берікболқызы қатысты.

Кездесу барысында спикерлер қоғамдағы белсенділіктің мәні мен маңызына тоқталып, адамгершілік қасиеттерді дәріптеу, рухани тәрбиені нығайту, ізгі амалдар жасау және қоғам өміріне бейжай қарамау жөнінде тағылымды насихат айтты.

Ұстаздар өз сөздерінде әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі мен айналасына тигізер пайдасының маңыздылығын атап өтті.

Семинар барысында қатысушылар ой түйіп, рухани азық алды. Тағылымды кездесу ізгілікке үндеп, қоғамға пайдалы болуға шақырған мазмұнды басқосуға айналды.