Ұлытау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мұхаммед пайғамбар ﷺ – күллі әлемге рақым» атты рухани мәуліт кеші өтті.

Құран аяттарымен басталған тағылымды кеште Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы жиналған жамағатқа насихат айтып, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өнегелі өмірі мен көркем мінезі туралы ой бөлісті.

Кеш барысында медресе шәкірттері мен жамағат бірлесе мәуліт жырын оқып, ардақты Пайғамбарымызға ﷺ салауаттар жолдады. Сонымен қатар рухани уағыз айтылып, жамағат арасында діни білімді дәріптеуге бағытталған білім сайысы ұйымдастырылды.

Тағылым мен руханиятқа толы кеш жамағаттың имани білімін арттырып, Пайғамбарымызға ﷺ деген сүйіспеншілігін нығайтуға арналды.