ҚМДБ Ұлытау облыстық өкілдігіне қарасты әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен ұстаздарға арналған «Ұстаз – ұлағатты тұлға» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева 2026 жылға арналған «Ислам және адал қоғам» бағыты аясында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасап, жыл бойы жүзеге асқан игі бастамалар мен маңызды іс-шараларға тоқталды.

Сонымен қатар ұстаздық қызметтің жауапкершілігі мен маңыздылығы, ұстаздың қоғамдағы орны, жеке тұлғалық болмысы, көркем мінезі мен рухани жауапкершілігі жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті.

Кездесу барысында ұстаздық жолдың тек білім берумен шектелмей, шәкірттің бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерін сіңіруді де қамтитыны айтылды.

Семинар ұстаздардың өзара тәжірибе алмасып, кәсіби әрі рухани тұрғыдан дамуына бағытталған мазмұнды басқосу болды.