Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы көшпелі уағыз-насихат жұмыстары аясында Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде жамағатқа уағыз айтты.
Уағыздың тақырыбы – «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».
Бас имам туған жерді қадірлеу, елге деген сүйіспеншілік, ұлттық құндылықтарды сақтау және туған өлкенің өркендеуіне үлес қосу жайында насихат айтты. Сондай-ақ, ел бірлігі мен халықтың ынтымағын нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу соңында жамағат уағыздан ғибрат алып, рухани тағылымға бөленді.