ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ БОЙЫНША КІТАП ТАЛҚЫ ӨТТІ

Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің әйел-қыздар секторы рухани дамуға бағытталған кітап талқы шарасын ұйымдастырды.

Жиын барысында жамағатпен бірге діни-танымдық еңбектердің бірі – “Жүрек сырлары” кітабы талданды. Талқылау барысында бірнеше маңызды тақырыптар қозғалды. Қатысушылар нәпсіні тәрбиелеу, өмір мен өлімнің мәнін түсіну, Алладан басқаны дос тұтпау, жүректі тазарту және рухани кемелдену мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Шараға қатысқан әйелдер мен қыздар мұндай рухани жиындардың имандылықты күшейтуге, жүрек тәрбиесіне және қоғамдағы бауырмалдықты арттыруға ықпал ететінін атап өтті.