Ұлытау облысы Борсеңгір ауылында жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті. Игі шараға арнайы Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты оқиғамен құттықтады.

Салтанатты рәсімде ауыл ақсақалдары мен Ұлытау өңіріне белгілі ардагерлер мешіттің қызыл лентасын қиып, жаңа құлшылық ордасының ашылуына ақ баталарын берді.

Шара барысында мешіттің бой көтеруіне мұрындық болып, игі істің жүзеге асуына үлес қосқан азаматтарға алғыс айтылды.

Жаңа мешіт ауыл тұрғындарының рухани өміріне серпін беріп, имандылық пен ізгіліктің, бірлік пен берекенің ордасына айналсын! Алла Тағала мешіттің ашылуын құтты етіп, ел игілігіне қызмет етуін нәсіп етсін!