Қарттар күніне орай Сәтбаев қаласындағы қос мешіт ұйымдастыруымен ақсақалдарға құрмет көрсетілді.

Іс-шара барысында мешіт имамдары сөз сөйлеп, елдің бірлігі мен берекесіне үлес қосып жүрген ардақты ақсақалдарға алғыстарын білдірді. Қариялардың батасы мен өнегесі кейінгі ұрпақ үшін қашанда үлкен тәрбие мектебі екені атап өтілді.

Шара соңында ақсақалдарға арнайы сыйлықтар табысталып, ізгі тілектер айтылды. Қариялар да мешіт ұжымына ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

Қартын қадірлеген елдің ырысы артып, берекесі бекем болмақ. Осындай игі шаралар ұрпақ сабақтастығын нығайтып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін дәріптеуге жол ашады.