Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы көшпелі насихат бойынша жамағатқа адал еңбек тақырыбында уағыз айтты.

Уағыз барысында адал еңбектің адам өміріндегі маңызы, маңдай термен табыс табудың артықшылығы және адал ризықтың берекесі жайында насихат айтылды. Сондай-ақ мұсылман баласының өз ісіне жауапкершілікпен қарап, еңбекте шыншылдық пен адалдықты ұстануының маңыздылығы түсіндірілді.

Жамағатты адал кәсіп етіп, маңдай термен табыс табуға және қоғамға пайдасын тигізетін ізгі істерді атқаруға шақырды.