«АЛТЫН ЖЕБЕ» САДАҚ АТУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Облыс орталығы Жезқазған қаласында ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған дәстүрлі садақ атудан әуесқой ойыншылар арасында жарыс өтті.

Облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешіті мен «Аманат» қоғамдық бастамалар орталығы ҚҚ ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – ұлттық дәстүрлерді жаңғырту мен жастарды салауатты өмір салтына баулу. Жарысқа түрлі жастағы жамағат мүшелері мен жастар белсене қатысты. Қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, мергендік қабілеттерін сынға салды. Жеңімпаздарға мешіт атынан арнайы сыйлықтар мен мадақтамалар табысталды. Сайыс достық пен ынтымаққа негізделіп, қатысушыларға рухани серпін берді.