АУДАН ИМАМДАРЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ

Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлы іссапармен Жаңаарқа ауданында болды.

Ұлытау өкілдігіне қарасты Жаңаарқа аудандық мешіт имамдары мен ұстаздары қатысқан жиын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен бағдарлы бес бағыт аясында өтті. ҚМДБ құжаттарының маңыздылығы мен жекелеген бағыттар бойынша басты ережелер пысықталды. «Имамның тұлғалық келбеті», «Уағыз айту әдебі» бойынша имамның жауапкершілігі сөз етілді. Сөз соңында облыс бас имамы барша дін қызметкеріне береке тіледі.