БАЛАБАҚШАДА «РАМАЗАН ТӘТТІСІ» ТАРАТЫЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қасиетті Рамазан айында Ұлытау облысы, Қаражал қаласында жас балаларға қуаныш сыйлау мақсатында «Рамазан тәттісі» қайырымдылық шарасы өткізілді.

Қайырымдылық акциясы Қаражал қалалық «Балбөбек» балабақшасында өтті. 90 бүлдіршінге қуаныш сыйлаған игі шараға Қаражал қаласының имамы Талғат Дүйсенбайұлы мен мешіт жамағатынан құралған еріктілер қатысты.