Ұлытау облыстық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітіне қарасты әйел-қыздар секторының және «Ұлытау» қайырымдылық мекемесінің ұйымдастыруымен әйел жамағатының атынан Қарттар үйінде арнайы кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – қарттарға құрмет көрсетіп, көңілдеріне қуаныш сыйлау және рухани қолдау білдіру. Кездесу барысында қарттарға арналған шағын мәдени бағдарлама ұсынылды. Ұлттық өнерді насихаттау мақсатында домбыра мен қобызда күйлер орындалып, әсем әуендер арқылы қарияларға көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Сондай-ақ арнайы ақ дастархан жайылып, мерекелік тағамдар ұсынылды. Іс-шараға қатысушылар қарттармен жүздесіп, олардың ақ батасын алды.
Қарияларға құрмет көрсету – халқымыздың қастерлі дәстүрлерінің бірі. Осындай игі бастамалар үлкенге ізет, кішіге өнеге болатын адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.