Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы көшпелі уағыз-насихат жұмыстары аясында Жәйрем кенті мешітіне барып, жұма намазына қатысты.
Жұма уағызында Ұстаздар күніне орай ұстаздың қоғамдағы орны мен мәртебесі, білім мен тәрбие берудегі жауапкершілігі және шәкірт тәрбиелеудің маңызы кеңінен сөз болды.
Бас имам ұстаз еңбегінің адам тәрбиесіндегі маңыздылығына тоқталып, білім алуға, ұстазды құрметтеуге және алған білімді ізгілік жолында пайдалануға шақырды.