Жәйрем кенті мешітінің ұйымдастыруымен рухани-танымдық Мәуліт кеші өтті.
Тағылымды кешке Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы арнайы қатысып, жамағатқа уағыз-насихат айтты. Өз сөзінде Пайғамбарымыздың ﷺ өнегелі өмірі, көркем мінезі мен адамзатқа қалдырған асыл мұрасы туралы кеңінен тоқталып, жиналған жамағатты асыл дініміздің құндылықтарын бойға сіңіріп, сүннет жолымен жүруге шақырды.
Кеш барысында жамағатқа арналған түрлі рухани-танымдық шаралар ұйымдастырылып, Пайғамбарымызға ﷺ деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған тағылымды насихаттар айтылды.
Мәуліт кеші жамағаттың рухани бірлігін нығайтып, имандылық пен ізгілікке үндеген тағылымды басқосу болды.