«Данышпан» дайындық орталығының тәрбиешілері кішкентай тәрбиеленушілерге рухани тәрбие беру мақсатында Ұлытау облыстық мешітіне экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсия барысында балалар мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, құлшылық орнының маңызы мен мешіт әдебі туралы мағлұмат алды.

Іс-шара барысында орталық тәрбиешілерінің бірі ұлттық валюта күніне орай ұйымдастырылған жәрмеңкеден түскен қаражаттың балаларға таратылғанын айтты. Балаларға бұл қаражатты мешіттегі садақа жәшігіне салу ұсынылған.

«Балалар садақаның мәнін түсініп, қайырымдылық жасауға кішкентай кезінен үйренсе екен дейміз. Бұл да рухани тәрбиенің бастауы болсын деген ізгі ниетіміз», – деді тәрбиеші.

Сонымен қатар, «Данышпан» дайындық орталығының ұжымы мешіт кітапханасына 6 дана Құран Кәрімді сыйға тартты.

Осындай игі бастамалар өскелең ұрпақтың бойына имандылық, жомарттық пен қайырымдылық қасиеттерін сіңіруге жол ашады.