Ұлытау облыстық орталық мешітінде өңір имамдарының біліктілігін арттыру мақсатында «Имамның тұлғалық келбеті» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан әзірленген құжаттың мазмұны таныстырылып, имамның қоғам алдындағы жауапкершілігі, тұлғалық болмысы, әдебі мен кәсіби біліктілігіне қатысты маңызды мәселелер кеңінен түсіндірілді.
Жиынның негізгі мақсаты – өңір имамдарының діни және кәсіби білімін жетілдіру, имамдық қызметтің сапасын арттыру, сондай-ақ дін қызметкерлерінің бойында жоғары адамгершілік қасиеттер мен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
Семинар соңында қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.