Ұлытау облыстық орталық мешітінде өңір имамдарының біліктілігін арттыру мақсатында «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан әзірленген құжаттың мазмұны таныстырылып, жамағат намазын өткізу тәртібі, имамның намаз кезіндегі міндеттері мен шариғи талаптары түсіндірілді.
Жиынның негізгі мақсаты – өңір имамдарының діни білімін жетілдіру, жамағат намазын өткізу барысында бірізділікті қамтамасыз ету және діни рәсімдердің шариғат талаптарына сай орындалуына ықпал ету.
Семинар соңында қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.